Атырау-Астрахань жолын жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталады

Ресейдің Астрахань облысымен шекараласатын Атыраудың республикалық автотрассасын қайта жөндеу жұмыстары 2020 жылы аяқталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-нің тлшісі.

20170617114846

«Атырау облысын Ресеймен байланыстыратын жолдың жұмысы басталды. Оның ұзындығы Қиғаш өзеніне дейін 277 шақырым. Барлық жол қайта жөндеуді талап етеді. 2015 және 2016 жылдарда жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын жасауға қаржы бөлінген. Олардың барлығы игерілді. Жол 6 блокқа бөлінді. Оны Ислам даму банкі қаржыландыруда. Барлық алты блокта жұмысты бастау 2017 жылға жоспарланған. Жұмыс 2020 жылы аяқталады», — деп хабарлады облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*