АТЫРАУДА ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

img 20220719 wa0009 Шаһар шырайы

Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары болып Серік Нсанбаев тағайындалды.

Серік Бағытжанұлы 1980 жылы туған. Білімі – жоғары. 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003-2008 жылдар аралығында қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында болған. 2008-2017 жылдары аралығында қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін қала әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи жаңадан тағайындалған орынбасарының қызметіне сәттілік пен табыс тіледі. Өз кезегінде Серік Бағытжанұлы артылған сенім үшін алғысын жеткізді.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз