Грузияға демалуға барған атыраулық ажал құшты…

screenshot 20220710 235233 Қоғам

Грузияның Батуми қаласына отбасымен демалуға барған 49 жастағы атыраулық тұрғын көз жұмды.

Қара теңізге шомылған отандасымыз судың жағасына шыққаннан соң жүрек соғысы тоқтаған. Анықталғандай, ол жергілікті  мұнай компанияларының бірінде еңбек еткен екен. Марқұмның денесі тұрғылықты жеріне жеткізіді. Қазір істің мән-жайы тексерілуде.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз