Атырау облысының әкімі журналистерді марапаттады (+ФОТО)

290861016 5310950768958469 7409729580696630544 n Қоғам

Атырауда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, аймақтың медиа кеңістігін дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті.

  • – Бұқаралық ақпарат құралдары – қашанда шынайы ақпараттың қайнар көзі. Жалпы жұртшылық мерзімді басылым, теледидар, радио, әлеуметтік желілер арқылы күнделікті өмір аренасында болып жатқан алуан түрлі оқиғалармен танысып, мемлекеттік органдардың қызметі туралы жан-жақты біліп отырады. Алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдары облысымыздың өсіп-өркендеуі мен кемел келешегін нығайту жолында өз қомақты үлесін қоса береді деп бек сенемін, деді Серік Шәпкенов.

Салтанатты шарада «Сарайшық» журналының әдеби редакторы Нұрым Ерғалиев ҚР мемлекеттік наградасы – «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Серік Қабдолов пен «102 FM» радиосының басшысы Слухия Абжатироваға «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі және қарымды қаламгер, журналист Жұмабай Доспановқа «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды.

Сонымен қатар «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Қаршыға Көшеков, «Нарын таңы» газеті бас редакторының орынбасары Аяпберген Салихов, «Атырау» газетінің шолушысы Айбөпе Сабырова, «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Жанат Молдашева және «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалының редакторы Жәнібек Қалым Тауман Амандосов сыйлығының иегерлері атанды.

Бұдан бөлек 15 БАҚ қызметкері Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, 7 қызметкерге Нұр-Сұлтан қаласында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибе алмасу үшін жолдамаға ие болды.

screenshot 20220629 160203
290763323 5310950762291803 7369890920383914900 n
290939152 5310950755625137 6306929287713754727 n
290927690 5310950758958470 2452916918363538456 n
290898140 5310950778958468 167395742176091124 n
290858185 5310950772291802 2941662417905191085 n
290883982 5310950765625136 1090309358467126680 n
291055321 5310950775625135 3758343829384161346 n
290907071 5310950752291804 7236074021584985888 n
290905288 5310950782291801 4799790118964307052 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз