Атырауда жазғы фестиваль өтпек

img 20220609 wa0078 Мәдениет

Атырау қаласында 11-12 маусым күндері (сағат 16:00-23:00) «Infinity JAZZ Fest 2022» екі күндік жазғы фестивалі өтпек.

Өтетін орны – «Infinity Plaza Eco Park» (Құрманғазы, 12). Кіру – тегін.

Фестиваль келесі аймақтарды қамтиды: FOOD (Тамақ), MUSIC (бас сахна), SPORT
(жазғы жүгіру), ART (өнер). Фестивальдің басты сахнасында рэп орындаушы SAY MO, қазақстандық эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев, Atyrau Music Community әртістері, Kilen HUB, Андрей
Зарецкий және т.б. өнер көрсетеді.

Фестиваль сонымен қатар ашық ауада кәсіби жаттықтырушылардан ZUMBA және
Salsa сияқты шеберлік сабақтарын қамтиды. Фестиваль аясында 5 км қашықтықтағы Summer Race жазғы жүгірісі өтеді, оған 200-ден астам жүгіруші қатысады.

Фестивальдің басты ұйымдастырушысы – Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен
Infinity Plaza Eco Park.

Толық бағдарлама сілтеме бойынша қол жетімді:

https://drive.google.com/drive/folders/1KafA0q8nRLLxmgp2nWQ_EKcbJzPrrwIG

Байланыс: Әміров Абай (бас ұйымдастырушы) 8 778 271 11 65
Instagram: @infinity_summer_fest

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз