АТЫРАУДА АЛҒАШ РЕТ «ХИУАЗ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ (+фото)

img 20220515 wa0136 Мәдениет

Бүгін — Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына тура бір ғасыр толып отыр…

Осыған орай, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Әлия Дәулетбаеваның «Хиуаз» драмасы сахналанды. Бұл камералық спектакль болғандықтан, көрермендер актерлармен бірге отырып қойылымды тамашалауға мүмкіндік алды. Орын саны шектеулі болғанына қарамастан спектакльді 300-дей адам көрді.

Тұсаукесер туындының режиссері — Мұқанғали Томанов, суретшісі — Темірбек Мұхтаров. Хиуаз Доспанованың жас кездегі бейнесін Нұргүл Шманова, ал, егде жасқа келген шағын Сәуле Байменова шебер сомдап шықты.

— Қаһарман ұшқыш — құм перзенті… Табиғаты тосын, бірбеткей… Тағдыры тауқыметті. Темір жүйе тұншықтырмақ болған тік мінез. Омыртқасыздар жайлаған ортаға бейімделе алмаған рәсуа ғұмыр… Туған жері оның рухына құрмет көрсетті. Бірнеше күнге созылған іс-шаралар «Хиуаз» драмасымен қортындыланды. Режиссер Мұқанғали Томанов жасаған дүниелердің жүрегі соғып тұрады ғой. Сезім мен мықты динамика. Суретшінің шеберлігі мен талантты актрисалар… Оқ пен оттың арасында жоғалмаған тазалық, аңқаулық пен албырттық. Қыз күлкісі… Театр сахнасында майдан психологиясын берудің қиындығын көзі қарақты көрермен білуі керек. Батыр апамыздың рухы шат болсын! — дейді Әлия Дәулетбаева.

Айта кетейік, спектакль театр репертуарына енген. Сондықтан алдағы уақытта қайталанып қойылып отыратын болады.

Ләззат Тауташ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Журналистика және  саясаттану факультеті баспа ісі мамандығы студенті

Фото: Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз