Тұмаудың алдын алу шаралары туралы

b0601d315d69b4ee08010cc9eec64862 Жаңалықтар

Жіті респираторлы вирустық жұқпалар (ЖРВЖ) адам денсаулығына және елдің экономикасына да зардабын тигізерін дерт болып табылады.

ЖРВЖ-дың ішінде ең зұлымы тұмау болып табылады.  

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде тұмау ауруының 3 – 5 млн. ауыр түрлері тіркеліп, оның 250-500 мың жағдайы өлім жағдайымен аяқталады.

Тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды л798зақымдайтын қауіпті вирусты жұқпалы ауру.  Тұмау ауруының қоздырғышы вирус болып табылады. Дәрігерлер тұмаудың вирусын тұрақсыз өзгермелі дейді. Расында да, өзгермелігінде тұмауға тең келетіні жоқ. Әрбір екі-үш жыл сайын ол өзінің қасиетін өзгертіп отырады. 10-12 жыл сайын вирустың жаңа түрлері пайда болып, олар алдыңғы түрлерінен өзгеше болып келеді.  

Ауру көзі тек тұмаумен ауырған адам. Негізі тұмау адамға ұсақ түкіріктер немесе сілекей шашырықтарымен жөтелгенде, түшкіргенде жұғады. 

Тұмау ауруының алғашқы кезеңі өте жедел басталады. Жасырын инкубация мезгілі бір-екі күнге созылып, кейін мына клиникалық белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, бұлшықеттерінің ауруы. 

Тұмау вирусының қауіптілігі организмдегі созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-тамыр жүйесіндегі ауруларды асқындыруы болып табылады. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша тұмаумен күресудің жалғын әлеуметтік және экономикалық нәтижелі алдын алудың шарасы – вакцинопрофилактика.

Вакцина егуді күзде бастаған тиімді, себебі тұмау індеті желтоқсан мен наурыз айлары аралығында болады және де екпе алғаннан кейін организимде иммунитет пайда болғанға дейін 14 күндей уақыт керек.         

Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек – қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинацияланады. 

Сонымен қатар осал топқа кірмейтін әр адам өз қалауы бойынша ақылы түрде мемлекеттік емханалар мен жеке клиникалардан тұмауға қарсы екпе алуына болады. 

Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ол ерекше емес профилактика. 

Ерекше емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болады. 

Профилактика әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып табылады, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет. Ауырған жағдайда балаларыңыз (мектепке дейінгі мекемелерге және мектепке бармау) үйде болғаны абзал.

Халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі керек. 

Науқас үйде болғанда оны оқшаулау керек, бөлмені жиі желдету және барлық беттерді сүртіп, ылғалды жинау жүргізу керек, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеу керек.  

Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды  сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жиі жуу болып табылады. 

Арнайы бақылау адам қолының күнделікті мұрын мен көздің бөліндісімен, сілекеймен 300 ретке дейін жанасатынын көрсетті. 

Иммунитетті көтеретін профилактиканың қолжетімді әдістерін де пайдалану туралы ұмытпау керек (пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында  С витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдері сияқты өнімдерді қолдану, сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану). 

Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға дейін организмді шынықтыру қажет. 

Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек. 

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз