ҚАРАҚШЫЛАР ҚҰТЫЛМАДЫ

Кешкісін 18 сағат шамасында «102» телефонына қоңырау шалған Сарқамыс шағынаудан тұрғыны да үйлеріне қарақшылықпен қылмыс жасалғанын хабарлайды. Мұнда да бетперде киген төртеу үй иесін тапаншаға ұқсас затпен ұрып, қорқытқанмен, 1946 жылғы туылған азамат оларға қарсылық көрсетеді. Айқайды естіген көршілер үйге жақындағанда, қарақшылар оқиға орнынан қашып кеткен.
Екі қылмыстық оқиға бойынша құрылған жедел іздеу тобына департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Аян Дүйсембаевтың өзі жетекшілік етеді. Жедел уәкілдер күн-түні аянбай іздестіру жұмыстарын жан-жақты жүргізеді. 22 ақпанға қарағанда күдіктілердің бірі Тұрғындар қалашығында қолға түседі, ал, таңғы 6 шамасында Авангард 2-ықшамауданының 3-ші үйінің пәтерлерінің бірінен қалған күдіктілер құрықталады.
Күдікті төртеу жастары 20-25 аралығындағы МАқат ауданы тұрғындары , олардың жетекшісі бұрын сотталған , осыдан 1 ай бұрын Огородная көшесіндегі дүкендердің біріне де қатысты қылмыс жасағандарын мойындап отыр.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА,
Облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің жетекшісі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*