АПТАНЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Орталық Коммуникациялар Қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың айтуынша, кездесу қорытындысы бойынша бірыңғай кедендік саясат, табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестік ережесі бағытында бірқатар келісімдерге қол қойылады деп жоспарланған. «Қазақстан, Беларусь және Ресей Президенттері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру бойынша жұмыстардың барысын талқылайды. Еуразиялық интеграциялық құрылымдарға Қырғызстан мен Арменияның қосылуы тұрғысында «жол карталарын» даярлау мен жүзеге асыру мәселелері қаралады» делінген РФ Президенті әкімшілігінің хабарламасы да брифингте әңгіме болды.
Ресми өкіл сонымен қатар, осы аптадағы елімізде өтетін маңызды жиындарды да айтып берді. Яғни, 25 желтоқсанда ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу және дайындығы жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтеді. Ал, Үкіметтің бүгінгі отырысында 2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалық жұмысы жоспарының орындалу барысы талқыланады. Аталған мәселе бойынша ҚР Әділет министрі Берік Имашев баяндама жасайды.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*