«Сыбағаға» – 40 миллион теңге

Syiba a a 1 Жаңалықтар

Алыстағы ауыл шаруашылығын алға бастыруда аймақ басшылығы кәсіпкерлердің алдына айқын міндеттер қойып отыр. Осы орайда салаға серпін беретін «2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын» ерекше атап өтуге болады. 

«Сыбағаға» –1

Оның аясында жергілікті жерде етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданып отыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Атырау филиалының директоры Гүлзада Шалағұлованың айтуынша, «Сыбаға» бағдарламасымен шаруа қожалықтарына жеңілдетілген пайызбен несие беріледі. Шарт бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге есептелген несиенің жылдық мөлшерлемесі төрт пайызды құрайды. Ал, жылдық тиімді ставкасы – 4,4 пайыз. Ерекшелігі сол, екі жыл мерзіммен 40 миллион теңге көлемінде несие алуға болады.

Бұл қаражатқа ірі қараның аналығын, ауыл шаруашылығына қажетті техника мен  жабдықтар алып, айналым қорын толтыруға мүмкіндік бар. Жақында Махамбет және Қызылқоға аудандарында қос шаруа қожалығының сұраныстары қанағаттандырылып, тиісті қаржы бөлінді, – дейді Гүлзада Айтжанқызы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз