Атырауда Оқушылар және жастар сарайы салынуда

WhatsApp Image 2018 06 18 at 09.36.22 Жаңалықтар

Атырауда Оқушылар және жастар сарайы салынуда. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-18 at 09.36.22

Төрт қабатты ғимарат неоклассикалық стильде фальшколондар және балюстрадалармен салынады деп күтілуде. Бірінші қабатта күрес залы және гимнастика, баскетбол, жеңіл атлетика, ритмдік гимнастика, шахмат ойнауға арналған бөлмелер орналасады.

Сондай-ақ, мұнда балаларға ыңғайлы болу үшін интернет-орталық пен медиа-кітапхана, компьютерлік графика бөлмесі, көрме мұражайы, ату галереясы, макияж бөлмелері, жаттығу және хореография залдары, 300 орындық мәжіліс залы, бассейн болады.

Екінші қабатта ағылшын, француз, түрік, қазақ және орыс тілдері, музыка және теориялық сабақтар, астрономия, планетарий, театр студиясы, музыка, ансамбльдерге арналған сабақтар, хор мен оркестрге дайындық сабақтары өтеді.

WhatsApp Image 2018-06-18 at 09.36.23 (1)

Ал үшінші қабат физика, экология, өлке тарихы, биохимиялық зертхана, мүсін бөлмесі, арт-студиямен жабдықталады.

Ең қызықтысы, төртінші қабат болмақ. Мұнда балалар әуе және зымыран модельдеу зертханаларында ғылым мен техника әлеміне, кеме модельдеуге, компьютерлік техникаға, электр және радиотехникалық зертханаларға, бейне және фото студиямен шұғылда алады.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз