Аптаға созылған аптап

Атырауда аспан айналып, жерге түсіп тұр. Қазір сынап бағанасы +40 градус ыссылықтан төмен жылжитын  емес.

Облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесінің инженері Айгүл Картимованың айтуынша, қатты ыстыққа байланысты тұрғындарды сақтандыру, қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда. Аптап ыстықта әрекет ету жадынамасы да ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізіліп жатыр.

ANU_7306

Ал, «Қазгидромет» РМК филиалы шілде айына арналған алдын ала болжамын жариялады. Оған сәйкес, Атырау облысында шілде айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы +33-38-ден +28-33-ке дейін төмендейді деп күтілуде. Алайда, екінші онкүндікте ауа температурасы +34-39 градусқа, кей жерлерде +44 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал.

Синоптиктердің хабарлауынша, кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті қатты ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп отыр.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*