Қандай азық-түліктер қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін?

Франция мен Бразилиядағы ғалымдар тобы жоғары деңгейде өңделген азық-түліктерді тұтыну мен онкологиялық аурулардың дамуы арасындағы байланысты анықтады.

c96e6e952715924df22fc0a6bef1a89d_resize_w_520_h_

Ұннан жасалған тағамдар, газдалған сусындар, қант себілген жүгері қауызы, жартылай фабрикаттар мен қалпына келтірілген ет өнімдері «ультраөңделген» болып саналады. Мұндай тағамдар қант, май, тұздың көп мөлшерде қосылып, дәрумендерінің аздығымен ерекшеленеді.

Ғалымдар осындай өнімдерді тұтыну арқылы сүт безі мен ішек ісігін тудыру қаупін сараптаған. Олар 43 жастағы 104 980 әйел мен ер адамдардың қатысуымен зерттеу жұмысын жасады. Оларға ең азы 24 сағаттық онлайн-анкета толтыру ұсынылып, сұрақтар 3300 түрлі тұтыну тағамына қатысты болды. Сондай-ақ, ғалымдар зерттеу жұмысына қатысушылардың жасын, жынысын, білім деңгейін, онкологиялық ауруларға бейімділігін, жаман әдеттері мен физикалық белсенділігін ескерді.

Мамандар жоғары деңгейде өңделген азық-түліктерді тұтыну онкологиялық ауруға шалдығуға 12 пайыз әсер ететінін анықтаған. «Бұл зерттеу жұмысы алғаш рет жүргізіліп отырғаны белгілі. Бұл сұрақ тереңінен зерттей түсуді қажет етеді», – дейді ғалымдар.

 

Дереккөз: Baq.kz

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*