Қамданған қапы қалмайды

«Қыс шанаңды – жаз сайла» демекші, «Қазақавтожол» республикалық-мемлекеттік кәсіпорны Атырау облыстық филиалы сын шаққа даярлығын ерте бастады. Мұнда әкімшілік полициясы мен төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қар тазалағыш қуатты техникалардың дайындығы тексерілді.

%d1%80%d0%b5%d0%b9%d0%b4

Жалпы, аймақтағы ұзындығы 990 шақырымдық республикалық маңызы бар автожолдарда тәулік бойы көлік қозғалысын қауіпсіз ұйымдастыруды қамтамасыз ету – аталмыш мекеменің міндеті.

– Бүгінде барлық техника қажетті жөндеуден өтіп, қысқы науқанға жалпы дайындығымыз 90 пайыздық деңгейде, – дейді кәсіпорын басшысы Сейітжан Молдашев.

%d1%80%d0%b5%d0%b9%d0%b42

Оның айтуынша, филиал қызметкерлері жол бойына тұрақты бақылау орнатып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Ауа райының мәліметін тұрақты алу үшін гидрометерологиялық қызметпен келісім-шарт жасалмақ. Қар көшкіні, көктайғақ және жол-көлік оқиғалары кезінде әкімшілік полиция басқармасы, төтенше жағдайлар департаментімен және тапсырыс беруші мекемемен төртжақты бірлесіп жұмыс жасау жүйеге қойылмақ.

%d1%80%d0%b5%d0%b9%d0%b43

Жолдың қыс маусымындағы күтімін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу аясында 240 дана «Тайғақ жол», «Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу» уақытша жол белгілері дайындалып, әрбір 28-30 шақырымға орнатылыпты. Сондай-ақ, 1800 текше метр құм, 500 тонна техникалық тұз дайындалған. Сонымен қатар, 1700 шақырым жол жағалауының шөбі шабылып, 130 дана су өткізгіш құбырлар тазаланыпты.

– Техникалардың қазіргі жағдайы жарамды. Бірақ, ескі жабдықтар бар, солар жөндеуді талап етеді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  бөлімше басшысы Қайрат Темірболатов.

Нұрислам ҒҰМАР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*