Ғалымның ғибратты жолы

Атырау қалалық №2 кітапханасы  ақын, ұстаз, академик, жұмекентанушы Қадыр Жүсіппен «Қаламы қарымды қаламгер» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

__алымны__ __ибратты жолы

Жақында сексен жасқа шыққан филология ғылымдарының докторы, академик Қадыр Өтегенұлы кітапхана қорына алып келген кітаптарын тапсырды. Басынан өткен небір қиын-қыстау кезеңдерді тарқата отырып, болашаққа жол сілтеген ұстаздың ұлағатты сөздері кездесу кешіне қатысқан студенттер, оқушылар мен университет қабырғасынан әр жылдарда қанат қақтырған түлектеріне рухани күш берді.

Кейіпкеріміз әңгімесін аяқтаған соң сөз алған шәкірттері бірінен соң бірі ақтарылып, бірі ақынның өлеңдерін оқыса, бірі өз туындысымен бөлісіп: «қазақтың Қабдоловы» деп сіз өз ұстазыңызды келешекке жеткізсеңіз, бізге де қазақтың Қадырын жазатын күн бұйырса екен» деген жүрекжарды тілектерін жаудырып жатты. Кеш соңында колледж, университет студенттері тамаша өнер көрсетіп, сұрақтарын қойып, кітапхана директоры ұжымның атынан қыран құс бейнесіндегі мүсінді тарту етті.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*