Ғалымдар тұмаудың қалай жұғатынын анықтады

Ғалымдар зерттеуінде анықталғандай, тұмау вирусы сілекейде емес, адам шырышында болады екен. Осы себепті тұмауға шалдыққан адамның қолын ұстасаңыз немесе көзіне, мұрнына, аузына жанассаңыз, тұмау вирустарын жұқтыру мүмкіндігі арта түседі.

gripa-710x434

Бұл туралы Росбалт басылымы жазды.

Зерттеуге қатысқан адамдардың 86 пайызы суық тиген адамның қолын ұстаудан тартынған. Ал олардың әр бесіншісі науқаспен кездесуден бас тартыпты. Қатысушылардың 79 пайызы мұрнын тартқан әріптесінен бойын алыс ұстаса, 34 пайызы жөтелген адамнан қашқақтап, ал 32 пайызы түшкірген адамнан алшақ жүруге тырысқан.

Анықталғандай, тұмау жұқтырудан әйелдер қатты қорқады екен. Ал ер адамдар тұмауға қалыпты жағдай ретінде қарайтын көрінеді. Десе де зерттеу барысында қатысушылардың 46 пайызы вирус жұқтырған адамдармен сүйісуден бас тартпаған екен.

Заманауи зерттеу деректері бойынша, қоғамдық орындарда тұмауға шалдыққан адаммен тікелей қарым-қатынаста болатын иммунитеті төмен адам вирусты жылдам жұқтырады.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*