Ғалымдар ет жеудің қаншалықты зиян екенін айтты

Ас мәзірінен етті алып тастау асқазан қатерлі ісігінен қорғайды. Британиялық ғалымдар осындай қорытындыға келді.

1501916554_article_b

MedicalXpress сайтының мәлімдеуінше, зерттеу жұмысына 32 мың британиялық тұрғын қатысқан. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайы мен тұтынатын азық-түлік түрлерін 17 жыл бойы бақылаған. Зерттеу жұмысына қатысқан адамдардың 335-інде тоқішек қатерлі ісігі табылса, 119 әйелде тікішек қатерлі ісігі анықталған.

Сондай-ақ, құс еті мен балық етін жейтін немесе мүлде ет жемейтін адамдарда тікішек қатерлі ісігіне шалдығу жағдайы 35 пайызға төмен екені белгілі болды.

Бұған дейін Гарвард университетінің ғалымдары ашық отта дайындалатын ет адамның қан қысымының жоғары болуына әсер ететінін дәлелдеген.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*