Ғалымдар денсаулыққа пайдалы шоколад түрлерін атады

Медицина

Лома Линда университетінің америкалық мамандары құрамында какао мөлшері жоғары қара шоколадтың арқасында адамның иммунитеті жақсарып, ми қызметінің белсенді  болатынын анықтады.

za563

Life.ru сайтының мәлімдеуінше, зерттеу барысында ғалымдар какаоның адам ағзасына қалай әсер ететініне назар аударды.

Тәжірибе кезінде 70 пайызын какао құрайтын шоколадтың иммундық жүйеге оң әсер беріп, жасуша аралық сигнал жолдарын жақсартатыны белгілі болды.

Сондай-ақ, зерттеушілер 48 грамм шоколадтың әртүрлі ақпаратты жақсы қабылдауға және есте сақтауға көмектесетінін анықтай алды. Оған қоса электроэнцефалограмма гамма аймағындағы мидың белсенділігінің артуын (жиілігі 25-тен 100 герц) анықтады.

Хорлан СМАДИЯР

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *