Ғалымдар дабыл қақты

Ғалымдар теледидар өмірге аса қауіпті екенін айтып, дабыл қақты. Олардың айтуынша, теледидардың алдында едәуір көп отырған адамдар кеселге 1,7 есе жиі шалдығады екен.

rebenok-pered-televizorom-2481-640x480

Теледидардың алдында ұзақ уақыт отыру көктамырдағы қанның ұю тәуекелін арттырады. АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр.

Дәрігерлер 24 жыл бойы 45-64 жас шамасындағы 15 мың америкалықтың денсаулығын бақылап, олардың қал-жағдайы мен өмір сүру салты туралы тұрақты сауалнама жүргізіп отырған. Осы уақыт ішінде 691 адам көктамырдағы қанның ұюы дертіне шалдыққан.

Сонымен бірге, теледидардың алдында едәуір көп отырған адамдардың кеселге 1,7 есе жиі шалдығатыны анықталды.

 “Бұл зерттеу дене жаттығуымен тұрақты айналысатын адамдардың өзі ұзақ отыру, мәселен, теледидардың алдында сағаттап уақыт өткізудің ауыр зардап әкелетінін ұмытпауы тиіс екенін көрсетті”, — дейді зерттеушілердің бірі Ясухико Кубота.

Көктамырдағы қанның ұюы аяқтағы тамырларды зақымдайды. Аурудан емделмеген жағдайда өкпе артериясы бітеліп қалып, соңы өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*