Алты жасар Виканы зорлап өлтірген қылмыскерге неліктен аяушылық жасалды?

Ақтауда алты жасар қызды зорлап өлтірген Валерий Аржановтың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілмеуіне үш алқабидің сол жазаны қолдап дауыс бермеуі себеп болды деп хабарлайды Маңғыстау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров.

pogudx7moj2vapmd8.a7302500

Сотталушы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 5 баптың 4 тармағы бойынша айыпты деп танылды: адам ұрлау, өлтіру, зорлау және есірткі заттарын заңсыз пайдалану. Сөйтіп, оны 25 жылға қатаң тәртіпті колонияға қамады.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды қолдануды сұраған болатын.

“Бұл туралы прокурор да, жәбірленушінің өкілі де айтты. Алайда, Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес, мұндай жаза бір ауыздан қабылдануы тиіс. Ал сотқа қатысушы алқабилердің арасында бұл жазаны қолдамағандар да болды, сол себепті қылмыскер 25 жылға ғана сотталды”, — деп түсіндірді судья.

Қыздың туған-туыстары сот үкіміне қанағаттанатындықтарын айтты және оған шағым түсіретін ойда емес.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Виктория Мининаны зорлап өлтірген педофилге сот үкімі шықты деп хабарлаған болатынбыз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*