ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АПТАЛЫҒЫ

 

Аталмыш акция аясында «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының еріктілері Атырау қаласындағы жиырма Ұлы Отан соғысы ардагері мен тыл еңбеккерінің үйінде болып, гүл шоқтары мен  арнайы қысым өлшегіш құрал (тонометр) табыстады. Өз кезектерінде қариялар игілікті іске атсалысқан жастардың қамқорлығына риза болып, алғыстарын білдірді.

– Кейінгі ұрпақ пен  ардагерлер байланысын нығайтатын, сол арқылы жастардың рухани құндылықтарын арттырып, ұлттық саналарын жетілдіруге  септігін тигізетін  осындай іс-шаралар жиірек ұйымдастырылғанын қалаймыз, – дейді аталмыш қоғамдық қорының жетекшісі Әйгерім Досқалиева.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*