Әлеуметтік желіні жарған видео (+ВИДЕО)

6814650 БЕЙНЕЖАЗБА

Буйвол арыстандардан қашып құтылу үшін қулық ойлап тапты. Әлеуметтік желіде тұзаққа түскен енекенің (буйвол) бір топ арыстаннан қалай құтылғаны жайлы видео жарияланды. 6814650

 

Видеокадрдан үш арыстанның судың ортасында тұрған енекеге жармасып жатқаны көрінеді. Бір кезде енеке жыртқыштардан   босап шығып, суда жалғыз қалады, ал жағада оны оннан аса арыстан күтіп тұр еді. Енеке бірнеше рет қашып кетуге әрекеттенгенімен бәрі сәтсіз аяқталады. Неге екені белгісіз, арыстандар суға топтасып түсуге асықпайды. Олар мұны бір-бірден жасап көреді, бірақ енеке оларды үркітіп, жағаға қайтуға мәжбүрлейді. Бір уақытта енекеге судың арғы бетіне жүзіп өту жайлы ой келеді. Бір қызығы, жыртқыштар суды жағалай жүгіріп, оны күтіп алудың орнына артынан қарап тұрады. Арыстандарға бұл ой келгенше, енеке ізін суытты.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз