«Алаш үміті» фестивалінен атыраулық оқушылар жүлдемен оралды (ФОТО)

Түркістанда өткен «Алаш үміті» халықаралық рухани жаңғыру фестиваліне Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының оқушылары қатысып, жүлдегер атанып келді.

IMG_7309

Шараның мақсаты – өнерлі балалардың әдеби-мәдени кеңістігін қалыптастыру, жас ұрпақты рухани байытып, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

«Өнер-білім айдынында қатар жүзген жас дарындарды үлкен сахнаға шығару, олардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру, жаңа қырларын ашып, көпшілікке таныту маңызды. Алаш зиялыларының еңбектерін тану және зерттеу арқылы жастардың ұлттық-патриоттық рухын ояту қажет»,-дейді ұйымдастырушылар.

IMG_7303

«ҮРКЕР» шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырған байқау қорытындысымен, актер шеберлігі мамандығының 11-сынып оқушылары бас жүлдемен оралды. Олар Ерсайын Төлеубайдың «Міржақып» пьесасынан алынған үзіндісінен Міржақып Дулатовтың түрмедегі соңғы күндерін сомдады. Басты рөлдерде – Мәди Маңғыстауов, офицер Иманғали Өтеуов, Дана Қазиханова, Қорлан Қартқожақова, Жадыра Сәдірова және Ақбөбек Назенғалиева қара киімді жын перілер кейіпіне енді.

Сонымен қатар, көркемсөз бөлімінде Фариза Оңғарсынованың «Әке туралы ой» өлеңін нақышына келтіре оқыған Дана Қазиханова бірінші орынды иеленді. Бұл орайда, болашақ актерларды дайындаған жетекші маман Серік Нәжімовтің еңбегі орасан зор. Ал, «Рухани жаңғыру» тақырыбы аясында эссе, шығарма, мақала және басқа да жұмыстар іріктеліп алынды. Нәтижесінде, «Қас шебер», «Дарабоз», «Алтын қалам», «Мұзбалақ» аталымдары журналистика мамандығының 9-10 сынып оқушыларына бұйырды.

Осы орайда, ұстаздардың да еңбектері бағаланып, биология пәнінің мұғалімі Кәмшат Бектемісова, журналистика мамандығы бойынша Ақтоты Темірғалиева мен Серік Нәжімов «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының алғыс хаттарымен марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Гүлдана Жамбозова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*