Қаламгерін ардақтады Ақ Жайық…

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов көрнекті жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, халықаралық Шыңғыс Айтматов  және Махамбет сыйлықтарының иегері Рахымжан Отарбаевты 60 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті. Өңір басшысы Рахымжан Отарбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мол екендігін, сонымен қатар таңдаулы туындылары шет елдер тілдеріне аударылып, жоғары бағаланып отырғандығын атап айтты. Алдағы уақытта да шығармашылық қызметінде табыстарға жетуіне тілектестігін білдіріп, иығына шапан жапты.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba2

Рахымжан Отарбаевтың жас-тық шағы Ақ Жайық өңірімен тығыз байланысты. Атырау облысының Құрманғазы ауданында дүниеге келген Рахымжан Орал педагогикалық институтында білім алды. Алдымен, ақын ретінде көрінген ол институт бітірмей-ақ облыстық «Орал өңірі» газеті редакциясында  еңбек жолын бастады.

Туған жерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған ол кейін Алматыға қоныс аударып, Қазақ телерадиокомите-тінде, «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жалын» альманағында қызмет атқарды. Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маң-ғыстау облыстық радиотелехабар компаниясының төрағасы, Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры болған қаламгер қазіргі кезде Атырау қаласында тұрады.

24 қараша күні кезінде өзі білім алған қара шаңырақ – қазіргі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қаламгер шығармашылығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сондай-ақ, облыстық қазақ драма театрында «Жәңгір хан» драмасы қойылды. Жуырда Түркияда жазушының «Ақ көбелектер» әңгімелер жинағы мен «Бас» романының таныстырылымы болып, өзі Қазақстан елшілігінің «Қазақстан-Түркия» бауырластық медалімен және «TURKSOY» тағайындаған «Haldun Taner» халықаралық медалімен марапатталды.

Қазақ қаламгерін Мәскеу әдебиетшілер қауымы да жоғары бағалап отыр. Бұған дейін Ресей бейбітшілік қорының «Жемісті бейбітшілік шығармашылығы үшін» алтын медалімен марапатталған Рахымжан Отарбаев студенттік шағы өткен Ақ Жайық өңіріне келе жатқан жолда Иван Бунин атындағы халықаралық әдеби сыйлығын иеленгенін естіпті.

Жазушы-драматургтың айтуынша, Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры ел Тәуел-сіздігінің 25 жылдығына орай оның «Әміре» пьесасын қоймақшы. Өзі «Алтын адамның оянуы», «Ақырзаман» атты романдарын жазу үстінде.

Айта кетейік, қаламгердің әр жылдары «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» секілді прозалық жинақтары мен таңдамалы шығармаларының қос томдығы жарық көрген. Туындылары орыс, түрік, араб, қытай, ағылшын тілдеріне аударылып, кітап болып басылған. Сондай-ақ, «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шет ел театрларында сахналанған.

Өз тілшіміз.

 

Рахымжан Отарбаевтың

Халықаралық театр

Фестивалі

Фестиваль  күнделігі:

 

27 қараша 15:00 сағат

 

Фестивальдің ашылу салтанаты

«Жәңгір хан» тарихи драма

Батыс Қазақстан облыстық

қазақ драма театры

 

28 қараша 11:00 сағат

 

«Двойник» комедия

Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры

 

19:00 сағат

 

«Аяулым Анфиса» комедия

Оңтүстік Қазақстан облыстық

өзбек драма театры

 

29 қараша 11:00 сағат

 

«Нашақор жайлы новелла» драма

Ж.Аймауытов атындағы

Павлодар облыстық қазақ драма театры

 

19:00 сағат

«Аяқталмаған хикая» мұңды драма

Қырғыз Республикасы

Шүй облыстық драма театры

 

30 қараша 15:00 сағат

 

Кітап тұсаукесері

«Рахымжан оқулары» қорытындысы

Мерейтой иесін

құттықтау

 

Фестивальдің салтанатты жабылуы

Байланыс тел.: +7 7122 32 41 77

e-mail:Kazteatr2015@mail.ru

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*