Қаладан қашқан босқындар

ИРАК. Мосул қаласында әскери операцияның екінші сатысы басталғалы тұрғындардың жартысы өзге жаққа жер аударған.

d1ccd587abe52f625ef080b725bb755d_xl

«Ирак пен Левант лаңкестік тобының» астанасы саналатын қаланы жаудан тазарту шарасы 2016 жылдың 17 қазанынан бері жүргізіліп келеді. Ал, 29 желтоқсанда әскери іс-қимылдардың екінші сатысы басталған. Сол уақыттан бері Мосулдан 13 мың тұрғын кетіп қалған. Ал, елді мекенді жаудан тазарту шарасы жүргізіліп жатқан 2 жарым ай ішінде босып кеткен халық саны 130 мыңға жеткен. Қазір шаһардың шығысындағы аудандардың көп бөлігі лаңкестерден азат етілген. Негізі жоспар бойынша, ол биыл жазға дейін толығымен үкімет жасағының бақылауына өтуі тиіс.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*