Алаңсыз ұйықтап жатқан 13 жасар қызды егде жастағы адам аяусыз зорлап тастады

ОҚО-да 13 жасар қызды аяусыз зорлаған 50 жастағы педофилге сот үкімі шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

pogudx59abjd435bq.57f31452

Мақтаарал ауданының 50 жастағы тұрғыны К. Жұмабек сот үкімімен 15 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айырылды.

Өткен жылдың қыркүйегінде Жұмабек мас күйде көршілерінің үйіне кіріп кеткен. Ол үйде алаңсыз ұйықтап жатқан 13 жастағы қыз балаға тап береді. Қорғансыз қыздың аузын қолымен жауып, зорлап тастаған.

Зорлаушы таңғы уақытта өз үйінде ұйықтап жатқан жерінен ұсталды. Ол ештеңе есінде қалмағанын алға тартқанымен, кінәсі толық дәлелденіп, жазасын алды. Үкім заңды күшіне енген.

2 комментария

  1. Эй Айналайын билік сендердін шығарып жатқан үкімдерің ешкімге әсер етіп жатқан жоқ. Зорлағандар зорлап,зорланғандар қор болып кетті ғой. Педафилдерге өте қатаң үкім -шара шығаруларыңыз керек. Өлім жазасы қайта тағайындалса дейміз. Бәрімізде ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз. Балабақшаға жіберуге қорқамыз.

  2. Үкімет ату жазасын заңға еңгізбесе бұл тоқтамайды. Заң қабылдамаса ағайын тумасы өлтіріп тастау керек. Сақ болыңыздар. Алла сақтасын

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*