АЙҚЫН ЖОЛДАН АЙНЫМАЙМЫЗ

Биылғы Жолдауда жастарға қатысты айтылған міндеттер де өзекті. Мемлекет басшысының үндеуін біздер – жастар қызу қолдаймыз.

Елбасы жастарға қолдау көрсетуді әркез назардан тыс қалдырған емес. Студенттердің шәкіртақысын көтеру, жұмысшы мамандықтары бойынша білім алуға шақыру, шағын бизнесті дамытуға арналған бағдарлама әзірлеуді тапсыруы да бізге үлкен жауапкершілік жүктері сөзсіз. Мемлекет басшысы өзін үлгі ете отырып, жастарға жұмысшы мамандығының әрдайым сұраныста болатындығын түсіндірді. Білімді, еңбекқор, бастамашыл жастарды шеберліктің шыңына жетуге, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Мемлекетіміздің жас азаматтарына толыққанды білім алу, жұмыспен қамтамасыз ету, баспанаға қол жеткізу секілді игілікті істер жасалуда. Отанын, тілін, дінін құрметтейтін қазақстандықтарға қазір барлық мүмкіндік бар.

Ендігі біздің міндет – көрегендікпен көш бастаған Елбасының жолынан айнымау. Көрсетілген бағытпен жүру. Сонда ғана кемел келешекке, баянды болашаққа қол жеткізетініміз анық.

Абай   АҚМҰРЗИЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті,  халықаралық Гейдар Әлиев атындағы 2015 жылғы шәкіртақы иегері. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*