ӘЙЕЛДЕРДІ АЯЛАҒАН АБЗАЛ

Партияның жас отбасылар арасында ұйымдастырған шарасында тек баяндама оқылып қана қоймай, отбасылар арасында өзара сайыс  ұйымдастырылды. Он жұпты ортаға шығарған психолог маман олардың отбасындағы үйлесімділіктерін анықтау, жанұя беріктігін нығайту мақсатымен ойындар өткізді.

Шарада сөз алған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары Айбаршын Иманғазиева 2012 жылы ашылған орталыққа көмек сұрай келген әйел адамдар мен олардың балаларына  барлық жағдай жасалып, олармен заңгер, психолог мамандар жұмыс жасайтынын айтады.

«Орталықтың сенім телефонына қоңырау шалатындар мен бөлімшеге аяқтай келген азаматшаларға қажетті кеңестер беріліп, көмек түрлері көрсетіледі. Бұл жерде тек зорлық-зомбылыққа байланысты ғана емес, әйелдер өздерін мазалаған түрлі мәселелермен хабарласып жатады. Олармен де түсінік жұмыстары жүргізіледі. Бөлімшеге уәкілетті орган мен ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша өз ықыласымен жүгінген тұлғалар қабылданады. Біз үшін әр отбасының бүтін болғаны маңызды»  деді ол.

Ал, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау қызметінің инспекторы Гүлшат Макеева ортамызда өз ата-анасына қарсы шығып, қол жұмсап жүрген жасөспірімдердің де барын, мұндай мәселелер, әсіресе, екінші қайталап отбасын құрған жанұяларда дүние-мүлік үшін орын алатындығын айтады.

Шынымен де, бүгінгі қоғам нәзікжандыларымызды аталған орталықтарға жүгіндіруге тиісті емес. Себебі, мемлекетімізде заң  бар, ол заң ер-азаматтың, әйелдің не баланың немесе өзге де отбасы мүшелерінің құқығына қол сұғып, оларға қиянат көрсетуге жол бермейді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*