«Ахыска» түріктер қоғамы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

«Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы облыстық филиалы Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

2

Авангард мөлтек ауданында орналасқан «Берекет» мейрамханасында ұлттық киім киген «Ахыска» қоғамының мүшелері 20 балаға қайырымдылық түскі ас беріп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

«Ахыска» түріктер қоғамы филиалының төрағасы Абубакір Мұрадов, аталған орталық тәрбиеленушілеріне арналған шараның биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырғанын айтты.

«Бұл акция дәстүрлі шаралардың біріне айналды. Мекемеде тәрбиеленіп жатқан 20 баланың жағдайымен жақынырақ танысып, олардың ой-пікірлеріне құлақ түрдік. Мақсатымыз – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау»,-деді ол.

Мәлике МӘЛІК

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*