Агроөнеркәсіп кешені жаңа кезеңде

Бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, бүгіндері елімізде қабылданған «2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тұжырымдамасы аймақтарда да қызу талқылану үстінде. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың төрағалығымен жиын өтті.

%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%be%d0%ba%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%bf-%d1%85%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d1%80

Осы  шараны  ұйымдастырушы  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Пірімқұл Ибрагимов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің проректоры Қажымұрат Ахмеденов, «Оңтүстік-Батыс» мал және егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Атырау филиалының директоры Мұхит Дүйсеғалиев, Қазақ жер өңдеу және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өкілі Ғалиолла Мейраман сөз сөйледі.

Олардың түсіндіруінше, төрт жыл мерзімді қамтитын мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты нығайта отырып, агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми деңгейі жоғары, импорталмастырушы агротехнологиялардың қолданылуы мен енгізілуіне ықпал ету жолымен  мүмкін-діктерін кеңейту  жөнінде  ой айтылды. Сондай-ақ, ауыл ша-руашылығы кооперациясының кең өріс алуына септесу, республикалық орталық пен бизнес субъектілері арасындағы мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестікті қолдау, жекелеген өңірлердің бәсекеге қабілетті экспорттық басымдықтарын өркендету арқылы олардың әлеуеттік-ресурстық мүмкін-діктерін шоғырландыру, ауылда өндірілетін органикалық өнім-дердің қазақстандық брендін дамыту, ауыл  шаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекет қолдауына қолжетімділігін қамтамасыз ету  жөнінде  міндеттер  айқындалды.

Осы бағыттарда салалық  ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындары орталық және жергілікті атқарушы билік құрылымдарымен, түрлі  шаруашылықпен шұғылданатын бизнес субъектілерімен (серіктестіктер, шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар) бірлесіп, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауы шарт. Тек сонда ғана көзделген межеге, түпкі нәтижеге қол жеткізіп, табысқа кенелуге болады. Ойларын осылайша түйіндеп, бір арнаға тоғыстырған спикерлер одан әрі өздері басшылық жасайтын салаларында атқарылып жатқан істер мен оңды тәжірибелерге тоқталды.

Дәулетқали АРУЕВ

Суретті түсірген:

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*