Адамның жеке деректерін ұрлайтын «екінші» WhatsApp пайда болды

Android-смартфондарына вирусты программа шабуылдады. Ол WhatsApp көшірмесі бола отырып, қолданушылардың жеке басына байланысты деректерін ұрлайды.

667147-final-whatsapp

Life.ru басылымының хабарлауынша, ол әлеуметтік желілерде WhatsApp Plus деген атаумен таралуда. Оны телефонға жүктегенде белгілі бір сілтемеге басуды талап етеді, ал гаджетке толық орнатылған соң мессенджердің клиенті бола отырып, тағы бір қосымшаны орнатуға кеңес береді.

Мамандардың айтуынша, бұл зиян келтіретін қосымша. Ол қолданушылардың жеке деректерін алып, үшінші біреуге жеткізеді. Сондықтан Android құрылғыңызда WhatsApp-тың «сыңарын» көре қалсаңыз, оны бірден өшіріп тастаңыз.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*