Жылыойлық кәсіпкер майдангер Қапес Ибраевқа автокөлік тарту етті

K.Ibraev Жаңалықтар

Аtr.kz/9 мамыр, 2019 жыл. Бүгін – Ұлы Жеңіс мерекесі. Миллиондардың қанымен келген Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бүгін Атырау облысының мәслиxат депутаты, жылыойлық кәсіпкер Айтбай Сисенов майдангер Қапес Ибраевқа «Нива» автокөлігін сыйға тартты.

«Былтыр ауданымызда Ұлы Отан соғысының екі ардагері болатын. Мереке қарсаңында оларға құрметімізді көрсеттік. Бізді бейбіт күнге жеткізген батырларымыздың арасынан биыл жалғыз ғана ардагеріміз – 93 жастағы Қапес ақсақал ғана ортамызда. Отан үшін от кешіп, қан майданда жауға беріспеген ержүрек батырларымыздың өлшеусіз еңбегінің алдында бас иеміз» деді Аtr.kz-мен арадағы әңгімесінде кәсіпкер Айтбай Сисенов.

Еске сала кетелік, дүние жүзі тарихына ең қанқұйлы соғыс атауымен енген 1941-1945 жылдардағы қан майданға кезіндегі Гурьев, қазіргі Атырау облысынан соғысқа аттанган жауынгерлер саны – 73 мың. Сол соғыстан 25 мың атыраулық жауынгер оралмай қалды.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз