АДАМ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕСІ КӨП

Аумақтық басқосудың мәні мен маңызы турасында ҚР Әділет министрлігінің аналитикалық жұмыстар бойынша басқармасы бастығы А.Ахажанова, Қазақстандағы БҰҰ жобасының дамуы жөніндегі менеджер С.Мұстафина, БҰҰ-ның Орталық Азия тұрғындарына арналған аумақтық жобасының үйлестірушісі Л.Дүйсекова, ҚР Әділет министрлігінің халықаралық келісімдер басқармасының жетекшісі М.Балабеков, адам құқы жөніндегі дербес сарапшылар А.Дуғанова мен Л.Түсіпова, адам құқы жөніндегі Ұлттық орталықтың бас сарапшысы Г.Ауқашева, Қазақстандағы халықаралық адам құқығы бюросының директоры Р.Ақылбекова, «Шырақ» мүгедек әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы Л.Қалтаева әңгімелеп берді.
Семинарда сөз сөйлеушілердің бәрі де тақырыпты ашуға тырысты. Бірақ Атырау облысы ІІД бастығының құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Гүлфара Әубекерованың «Семинар тақырыбы – адам құқығы. Қараңыздар: арамызда өзге ұлттың бір өкілі жоқ. Ылғи қаракөз отырған жерде тек орыс тілінде сөйлейсіздер. Осының өзі біздің құқымызды шектеу емес пе » деген сынынан кейін ғана шамалы тосылып, өз кемшіліктерін мойындағандай болды. Бұйырса, келесі семинарлар қазақ тілінде өтетін шығар…

Лиза СЕЙТІМОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*