АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ӨТЕУІ

2007 жылы №1 қалалық емхананың Авангард жанұялық денсаулық орталығына аға мейірбикелік қызметке шақырылды. Бұл емдеу орнында 28  мыңдай халық есепте болса, оларға дәрігерлер мен 37 орта буын медицина мамандары қызмет көрсетеді.Таңертеңнен кешке дейінгі емхананың ішкі  көптеген жұмыстары аға мейірбикенің мойнында десе де болады. Себебі, ол – орта, кіші медициналық қызметкерлердің басшысы, бас дәрігердің көмекшісі, жастардың жетекшісі, әрі ұстазы. Қашан да қарауындағы медбике, санитарлық қызметкерлерге бас-көз болып жүргені. Олардың қай-қайсысы да жұмыстағы қиындықтар мен жеке мәселелері болса, оны аға мейірбикемен бөлісіп жүреді.

Сәуле емхананың дәрігерлері мен мейірбикелері арасында өнегелі ісімен құрметке бөленіп жүр. Қала, облыс деңгейінде денсаулық сақтау   басшылығы тарапынан алған алғыс, марапаттары аз емес. Таяуда ол Алматы қаласында өткен Халықаралық мейірбикелердің 3-ші съезіне қатысып, онда денсаулық саласындағы ұзақ жылғы еңбегіне орай «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағын еншіледі.

Сәуленің есте қаларлық тағы бір қуанышы,  биыл қала әкімінің қолынан жайлы пәтердің кілтін алды. 

– Менің мұндай қуанышқа  кенелуіме ұжымдас әріптестерімнің зор қамқорлығы болғанын айтар едім,- дейді жоғары санатты аға мейірбике Сәуле Меңдіғалиқызы ағынан жарыла.

               Ғ.ИСАЕВ.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*