Абайлаңыз: бүгін Атырауда көктайғақ болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді, бұрқасын соғып, елдің батысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

peshehod-skolzskaia-doroga-sbili

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қалың тұман болады.

Әсіресе, Атырау облысында көктайғақ күтіледі. «Сондықтан да, мұнайлы өңірдің тұрғындарын барынша абай болуға шақырамыз», – дейді төтеншеліктер.

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*