АБАТ КЕНЖЕҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: «ТӘРБИЕНІҢ ТІНІ – ҰЛТТЫҚ РУХТА»

 

– Бала тәрбиесіне арналған мәдени бай мұра қазақтан басқа халықта жоқ. Қазақтың аңыз-ертегілері, мақал-мәтел, әфсаналары, алғыс, бата, барлығы да – адам тәрбиесіне арналған дүниелер. Салт-дәстүр, жөн-жоралғы, ырым-тыйымдардың да тәрбиелік мәні өте зор. Алайда, қаймағын қалқып, қажетін сүзіп, бүгінгі қала баласының, дала баласының ой-өрісіне сай келуі тиіс оқулықтар көңілдегідей емес.

Немерелерімнің оқулықтарына қарасам, олардың барлығы баланың жасына, таным-түсінігіне сәйкес келе бермейді. Мысалға, кез-келген оқулықта бір абзацтан тұратын сөйлем немесе жазушы шығармасынан үзінді келтіріледі. Онда табиғат көрінісі суреттелуі мүмкін. Бірақ, ол шығармадағы әдеби сөз қолданысын 5-6 жастағы баланың миы қабылдай алмайды. Оны баланың санасына құятын ата-әжелеріміз де қазір жасарып бара жатыр. Олардың ертегісі жоққа тән. Себебі, ауыз әдебиеті, ұлттық мұра деген дүниелерден кезінде сол ата-әжелердің өзі сусындай алған жоқ. Сондықтан да, рухани мұралардың кереметін қалқып алып, қала, дала мәдениетіне сай келетін оқулықтар жасау, қоғамдық пікір, орта қалыптастыру кезек күттірмеуі тиіс.

 

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*