Ақ Жайықты әнмен тербеген…

Облыстық халық шығармашылығы орталығында  Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерті өтті.

ANU_2128

Шара шымылдығы «Шалқыма» халық би ансамблінің  бишілері орындаған «Шаттық» биімен ашылды. Көрермендер одан әрі халықаралық «Шабыт» фестивалінде бас жүлдеге ие болған Данияр Мұқанның орындауындағы Біржанның әні «Айтбайды» тыңдады.

Сондай-ақ, сәнді сахнаның төріне жайғасқан «Сарыарқа» халық музыка оркестрі Ержан Тоқсабановтың күйі «Сыр толғау», Мұқаш Таңғыттың күйі «Көгалда», Қазанғаптың күйі «Ақжелеңді» орындап көрермендерді күмбірлеген күй әлемінде тербетті.

Одан бөлек, астаналық әншілер Жазгүл Данылбаеваның «Жас екпін», Алтынбек Әбділданың Абайдың «Көзімнің қарасы» әндерін орындаулары өте әсерлі болды. Ал, халықаралық Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» фестивалінің бас жүлдегері  Әйгерім Аманжолованың халық әні «Гүлдерайымды» нақышына келтіріп айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Сонымен қоса, сахнада халық әндері «Қыздар-ай», «Әпитөк», Шәмшінің «Студенттер әні», Марат Ильясовтың «Мен саған өкпелемеймін» әндері шырқалды.

Атыраулықтарға тамаша демалыс сәтін сыйлаған астаналықтардың концерті «Астана кеші» әнімен түйінделді.

Мұратбек Жаңабай

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*