Ақжарқын Тұрлыбай 23 жасын Қытай түрмесінде қарсы алды (фото)

Қытайда сотталған Қазақстанның үш азаматы елге қайтарылады. Олардың арасында есірткі тасыды деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай жоқ.

pogudx49o70r9h1d7.3909dc9a

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімованың айтуынша, қызының адвокаттары әлі қандай да бір хабар бермепті.

“Қызым ақталып шығады деген үмітім әлі сөнген жоқ. Ақталып шығатын шығар… Елеңдеп отырмыз. Адвокатымен хабарласқанымда, еш жаңалық айтқан жоқ. Тек туған күнінде кездесіп, оның карточкасына ақша аударыпты. Жағдайы жақсы деп отыр”, – дейді Ақжарқынның анасы Зухра.

pogudx6bb7al5bm3s.8b8f5a77

Ақжарқын Тұрлыбай  2014 жылдың  9  наурызында есірткі тасымалдады деген айыппен Қытай түрмесіне тоғытылды. Кейін қазақстандық бойжеткенді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

Қыздың ата-анасы мен қорғаушыларының айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай нигериялық есірткі контрабандасымен айналысқан топтың құрбаны болған. Ол түнгі клубта жұмыс істеп жүрген таныстарының нұсқауымен Қытайдың Гуанчжоу қаласынан зат тасуға барып, есірткімен ұсталды.

pogudx2ieb5k0rdgqg.8d3e9ca7

Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова ай сайын қызының тамағына ақша аударып тұрады. Өйткені, Қытай түрмесінде жазасын өтеушілерге тұрмыстық қалдықтар өңделіп, тамақ ретінде беріледі екен.

pogudx5agdjub647d.e25af693

Тұңғыш қызын құтқарамын деп жанұшырған ата-анасы бірнеше несие алып, үйлерін де сатып жіберген. Олар Қазақстан мен Қытай дипломаттары келісіп, Ақжарқынды елге қайтарады деген үмітпен отыр.

Ал Ақжарқын Тұрлыбай кезекті туған күнін түрмеде қарсы алды. 21 ақпан күні 23 жасқа толған бойжеткен қытай тілін меңгеріп алған. Сондай-ақ, ол түрмеде қосымша жұмыс істеп, табыс тауып жүр.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*