АҒЫЛШЫНША БІЛГЕНГЕ ӘЛЕМНІҢ ЕСІГІ АШЫҚ

Соның бір айғағы – ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының ұсынылуы. Өзім қызмет етіп келетін қалалық ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда аталған бағдарламада айтылып өткен істер нәтижемен іске асуда. Жоғарыда көрсетілген жаңа мұғалім сипаттамасы осы мектеп мұғалімдерінің сипаты десем, артық айтқандық емес. Олардың жетістігі жыл сайынғы ҰБТ қорытындысында жоғары пайыз беруі, олимпиада көрсеткіштері, ғылыми жоба сайыстарының қорытындыларымен дәделденуде. Биылғы жылғы республика көлемінде есімдері елге жайылған оқушыларымыз С.Құмарова, А.Сақтанов және Н.Хамзин ең жоғарғы 125 балды иеленсе, Гаухар Зайденова ғылыми жобадан жүлделі орынды иеленіп, тың тақырыппен көзге түсіп, мектеп беделін одан әрі көтере түсті. Оқушылар Президент Жолдауындағы парасаттылық пен қабілеттілікке сай екендіктерін осы гимназия құрылған жылдан бері дәлелдеп келеді. Мектеп түлектері еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып отырған азаматтар қатарын жыл сайын толықтыруда. ACCELS, FLEX, «Болашақ» бағдарламалары бойынша сайыстарға қатынасып, көптеген оқушылар шет мемлекеттерде тегін білім алуда. Мектеп директоры София Ғинаятқызы Әлібаева оқушылардың түрлі тілді жақсы меңгеруіне ерекше көңіл бөліп отыр, оны сапалы дамытуға, яғни ағылшын тілі мұғалімдерінің жұмыстарына талап қою арқылы олардың өздерінің де білім сапасын көтеруді басты мәселе етіп қойды. 
Елбасы халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынған-ды. Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал, бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Ол үшін, әсіресе, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің алдындағы міндет, мақсаты – мазмұнды сабақ беруге тырысу.

Зора ФАЙЗУЛЛИНА,
ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*