«Ақылды» қала

2050 жылға дейін Астана әлемнің үздік қалаларының ондығына енеді. Осы мақсатта арнайы тұжырымдама да қабылданды.

7fac9e6b-2e67-46d5-93e2-bc8f84af63b2

 «Қауіпсіз Елорда» 

«Астана – қауіпсіз қала». Қазіргі таңда тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істеуде. «Жобаның мақсаты – елорда тұрғындары мен қонақтарының жалпы қауіпсіздігі деңгейін арттыру, сондай-ақ, қылмыстар санын максималды түрде азайту болып табылады» деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Жоба қаланың тіршілік қызметін талдау бойынша операциялардың басым бөлігін автоматтандыруға, сонымен қатар, осы талдаудың негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аясында бірінші кезеңде «Астана Innovations» компаниясы тұрғын үй аудандарында, мектептерде, қиылыстарда және көпірлерде 412 бейнебақылау камерасын орнатып, іске қосты.

«Smart» мектеп

«Ақылды қала» жобасы аясында Астана мектептері бақылауға алынды.  Оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін жоба автоматты  компоненттерден тұрады. Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі, бейнебақылау, e-асхана, е-кітапхана және жеке кабинет компоненттеріне алғашқы кезекте елордадағы №3 мектеп-гимназиясы,  №15 мектеп-лицейі қосылды. Қазіргі таңда Астана қаласындағы 88 мектептің 19-ы аталмыш жобаны енгізді.

Astana.gov.kz сайтының хабарлауынша, аталмыш модуль мектепке енген оқушылардың барлығын есепке алуға мүмкіндік береді және бөтен адамдардың ішке кіруіне шектеу қояды. Жоба нәтижесінде мектеп оқушыларының қауіпсіздік деңгейін 85%-ға арттырып, бөтен адамдардың мектепке кіру жағдайларының 90%-ның, мектептерде штаттан тыс жағдайлардың 75%-ның алдын алу және  кітапхана қорын есепке алудың 60%-дан астамын автоматтандыру мүмкін болып отыр.

Кезексіз емхана

Жоба – ішкі және сыртқы процесстерді автоматтандыру есебінен медициналық қызметтердің сапасын жақсартуды көздейді.  Қазіргі таңда аталмыш инновациялық жоба №4 Астана қалалық емханасында қолданысқа енгізілді.

Аталмыш емхананың веб-сайтында дәрігердің қабылдауына онлайн режимінде жазылуға болады.  Сарапшылардың айтуынша, «Smart емхана» жобасы – уақытылы, маңызды, дәлелді медициналық ақпарат ұсыну жолымен үздіксіз медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге және алғашқы медико-санитарлық көмек тобын күшейтуге арналған механизм. Бастысы, жоба диагноз қою барысында дәрігердің шұғыл түрде дұрыс шешім қабылдауы үшін, барлық қажетті элементтер жиынтығын ұсынуымен құнды.

Нәтижесінде жоба емхананың тіркеу бөліміндегі кезекті 30%-ға дейін қысқартуға, дәрі-дәрмектерді белгілеу және қаралуға жіберу барысында дәрігер қателіктерін болдырмауға, диагностикалық зерттеулердің нақтылығын, жеделдігін арттыруға, созылмалы аурулардың асқынып кету жағдайлары санын азайтуға және аурушаңдықтың төмендеуіне алып келіп отыр.

Айта кетелік, жоба аясында 300-ден астам жұмыс орны автоматтандырылды, 631 маман қайта оқытылды.

Үнемді көше жарығы

Астана – электр энергиясын пайдалануды және көше жарығын қолдану шығындарын азайтқан бірден-бір қала. «Ақылды» жоба нәтижесінде диспетчер жарықтың қосылу-өшу кестесін белгілей алады. Шамдардың жағдайы және жұмыс режимі туралы мәліметтер, сондай-ақ жүйені басқару құрылғылары диспетчердің экран мониторында көрсетіледі.

Алғашқы кезекте 43 ескі натрий шамдар жаңа жарық диодты шамдарға ауыстырылды, көшені жарықтандыру мен саябақтарды жарықтандыру объектілері тексерілді. Жоба аясында 47 мың натрий шамын қазіргі заманғы және қауіпсіз жарық диодты шамдарға ауыстыру жоспарланған. Жоба электр энергиясын 48%-ға дейін үнемдеуге, жарықтандыруды 50% реттеу режимін қолдану есебінен көлемі 13,6 % электр энергиясын қосымша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Баян Жанұзақова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*