«Ақ тілекпен, Астана»

Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде Елорданың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласы күндері аясында ашылған көрме осылай аталды. Аталған шығармашылық жобасы әлемдегі ең табысты және жедел дамып келе жатқан жас қалалардың бірі ретінде жас астана өнерінің дамуын көрсетуге бағытталған. Астана — заманауи сәулет үлгісі ғана емес, үнемі жаңа идеялар мен үрдістер іздеу үстіндегі жаңашыл қала.

ЕАС 199

Көрмеге Тәуелсіздік сарайы қорынан қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық жұмыстары қойылды. Оның ішінде С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Құлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Қаржасов және басқалары бар. Сондай-ақ, Жанна Спунердің жеке коллекциясынан алынған еңбектерді, астаналық шеберлер мүсіндері мен картиналарын көруге болады.

Көрменің ашылу салтанатында Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Азамат Жолаев Астананың 20 жылдығына арналған көрменің мәні мен маңызына тоқталды. Астаналық әріптестерін салтанатты шарамен құттықтады. Ал, Астана қалалық мәдениет және спорт бөлімі басшысы Нарима Мұхамбеталина атыраулық көрермендерге алғысын білдірді.

 

Гүлзада Ниетқалиева

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*