Қаңтардағы ҰБТ-ға кім қатысады?

Талапкерлер үшін Ұлттық Бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыру мүмкіндігі туды. Алайда, бұл тестілеуден кейін талапкер жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқиды. Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

????????????????????????????????????

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бұл кезеңіне өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім беру гранттары негізгі ҰБТ тапсырылғаннан кейін бөлінеді. Қаңтардағы тестілеу ­– түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қыстағы тестілеуде шекті балл жинаған түлек бұл сертификатымен жоғары оқу орнына тек ақылы түрде қабылданады.

«Оқу орнына уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер де бұл сынаққа қатысады. Бұдан студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу және оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті 50 баллды жинамаса, оқудан шығарылады. Қаңтардағы сынаққа қатысуға өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пункттерінде қабылданады. Тестілеу ақылы, құны – 2242 теңге» деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*