Ақпараттық топ Мақат ауданында

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша құрылған облыстық ақпараттық топ Мақат ауданында болып, «Доссормұнайгаз» ӨБ-да мұнайшылармен кездесті.

IjiQamci_8E

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайырғали Кенжеғалиев бастаған топ құрамында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы Төлеген Дінғалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Жұмазия Жұмабаева Жолдауда көзделген міндеттерге кеңірек тоқталды.

gK0Ok-Ji_Cs

Ақпартаттық топпен бірге қатысқан аудандағы дербес бөлім басшылары әр сала бойынша Жолдау жүктеген тапсырмалар мен айқын бағыттарды екшеп, мемлекеттік бағдарламалар жүйесімен жүзеге асырылу жолдарын баяндады.

JeKS76YsN7c

Мұнан соң топ мүшелері Доссордағы Абай атындағы орта мектеп ұжымындағы педагогтармен пікір бөлісті. Жолдауда көрсетілген бес басымдық негізінде білім беру жүйесіндегі өзгерістердің оң ықпалын, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлудің маңыздылығын тарқатты.

gfuMs35FFgg

Мұнайшылар да педагогтар да қоғамдағы белсенді еңбек тобының қатарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму сатысын нығайтуда өзіндік орыны бар ұжымдар. Сондықтан жиында Елбасы Жолдауынан бастау алған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзектілігі де сараланды. Ақпараттық топпен бірге Мақат аудандық ауруханасының бас дәрігері Батырбек Оңдасынов сақтандыру жүйесі бағытында ауданда атқарылып жатырған жұмыстарды баяндап, оның тиімділігі туралы түсінік берді.

Pc87X-xKm0w

pbZyl26Q-0I

Лена НҰРБАЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*