Редакция құрамы

 Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы
Исатай Құндызбайұлы Балмағамбетов
Исатай Құндызбайұлы 1961 жылдың 20 ақпанында Жылыой ауданы, Қаратон поселкесінде туған. 1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде бастаған. 1990 жылы арнайы шақырумен республикалық «Лениншіл жас» газетінің батыс облыстар бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалды.
Ол әр жылдары Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Атырау облыстық телерадиокомпаниясының жауапты редакторы, республикалық «Қазақстан-Zaman», «Заң» газеттерінің меншікті тілшісі,  «Ақ Жайық» газеті бас редакторының орынбасары – қазақша  басылымының жауапты редакторы, республикалық «Алтын Орда» газеті  бас редакторының бірінші орынбасары болып істеді. 2007 жылдың сәуірінен 2010 жылдың желтоқсанына дейін республикалық «Алтын  Орда» газетінің директоры – Бас редакторы қызметін атқарды.
Қазір Атырау облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы. Ол – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.


 Облыстық «Атырау» газетінің бас редакторының
орынбасары Нұрлан Достанұлы Қабылов
Нұрлан Достанұлы 1954 жылы 10 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келді. Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Алматы Жоғары Партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. 1976 жылы өзінің еңбек жолын Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінде тілші болып бастады. Осы газеттің бөлім меңгерушісі, 1979 жылдан бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.
1989 жылдан 1996 жылға дейін аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы және аудандық баспахананың директоры қызметін қосып атқарды. 1996 жылдан 2002 жылға дейін облыстық «Атырау» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, 2002 жылдан 2010 жылға дейін «Атырау» газетінің бас редакторы болып жұмыс жасады.
2010 жылдан 2012 жылға дейін республикалық тәуелсіз «Алтын Орда» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 2012 жылдан бастап Атырау облыстық «Атырау» газеті бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеп келеді.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 3 кітаптың авторы («Алақандағы алау» 1998 ж., «Күш атасын танымас» 2000 ж., «Көкжиекке қараймын қырға барып» 2015 ж.), екі рет Қызылқоға аудандық мәслихатына депутат болып сайланған, «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы» атағы берілген. Елбасының «Алғыс хатына» ие болған, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және көптеген мерекелік медалдардың иегері, 2002 жылы облыстың ең үздік журналисі болып танылды, 2008 жылы Тауман Амандосов атындағы сыйлыққа ие болды. 2003 жылы М.Өтемісұлының 200 жылдығына орай облыс әкімінің арнайы сыйлығын алды.
Ол отбасылы, жолдасы Нағима Қапезқызы ұстаздық қызметте. Олардың үш баласы бар. Үлкені Гәкку тұрмыста, Алматыда тұрады, мамандығы заңгер, Абай атындағы ұлттық университетте сабақ береді. Айбек «Матен-Петролеум» компаниясында мұнайшы-инженер болып жұмыс істейді. Айкөркем – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті математика және механика факультетінің ІІІ курс студенті.
Нұрлан Достанұлының екі жиен-немересі бар. 


 Жауапты хатшы Дәурен Қуанышұлы Мұхамбеталиев

1987 жылы 6 маусымда Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Мақат ауданындағы «Мұнайшы» газетінде көркемдеуші-дизайнер қызметінен бастаған. 2007 жылдан бастап Облыстық «Атырау» газетінде дизайнерлер цехының басшысы, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың наурыз айынан «Атырау» газетінің жауапты хатшысы. Отбасылы. Жолдасы мемлекеттік қызметте. Бір ұлы бар. Үлгілі қызметі үшін облыстық, қалалық әкімдіктің, салалық басшылықтың көптеген марапаттарына ие болған.


Шолушы Жұмат Бақытжан Хамитұлы
1957 жылы 19 қаңтарда Гурьев облысы Индер ауданының Кулагино селосында дүниеге келген.
1975 – 1978 жылдары Әскери-Теңіз Флоты қатарында азаматтық борышын өтеп, Солтүстік флотта атомды сүңгуір крейсердің бас старшинасы шенінде қызмет еткен.
1978-1988 жылдары Индер аудандық «Дендер» газетінде тілші, өнеркәсіп, еңбекші хаттары бөлімдерінің меңгерушісі, редакцияның жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.
1984 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1990 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1990-2000 жылдары Атырау облыстық телерадио компаниясында телевидение жөніндегі редактор, аға редакторы болып жұмыс жасады.
2000 жылы облыста тұңғыш шыға бастаған «Крим-Инфо» газеті бас редакторының орынбасары, 2001-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК кадр бөлімінің бастығы, 2011 жылы республикалық тәуелсіз «Алтын орда» газетінде экономика, саясат және экология бөлімінің редакторы, 2012 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 2015 жылдың қаңтарынан облыстық «Атырау» газетінде шолушы. 1984 жылдан КСРО, кейін Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Мақала, очерктері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады.
Жанұялы, зайыбы Бермағанбетова Маншук Темірқызы екеуі үш бала тәрбиелеп, өсірген. Қызы – Сауле ағылшын тілі маманы, «Атырау-Болашақ» компаниясында менеджер, қызы Зәуре мұнай инженері, заңгер осы компания қызметкері, ұлы Бауыржан үйленген – ақпараттық-технология маманы. Олардан алты немере-жиен сүйіп отыр.


sumМеңдібай ЕлемесұлыСүмесінов

  1954 жылы 14 қыркүйекте Жылыой ауданының Құлсары қаласында туған. Еңбек жолын геологиялық барлау  экспедициясында бастап, мастер, цех бастығы дәрежесіне көтерілген. Қазір газеттің тілшісі. «Коммунистік еңбек»  (қазіргі «Атырау») газетінде өнеркәсіп бөлімінде тілші, «Прикаспийская коммуна» газетінде Жылыой және Мақат аудандары бойынша меншікті тілші, Құлсары қалалық радиоредакциясында жауапты редактор, «Ар-честь»  газетінде бас редактордың орынбасары болған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Жылыой аудандық  Меңдекеш Сатыбалдиев атындағы, Атырау облыстық Тауман Амандосов атындағы сыйлықтардың иегері. Қазақстан  Журналистер одағының Тауман Амандосов атындағы ұжымдық сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы  Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Құрмет грамотасымен, Атырау облыстық және Атырау қалалық әкімдерінің Алғыс хаттарымен, өзге де сыйлықтармен марапатталған. «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағының иегері. Облыстық «Атырау» газетінің экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінің менгерушісі


azazza   Азамат Сансызбайұлы Базарбаев

Индер ауданында 1973 жылы 13 тамызда дүниеге келді. Еңбек жолын Индер аудандық «Дендер» газетінде корректор болып бастады. Одан соң шекара әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқып, жоғары білім алды. Облыстық «Атырау» газетінде 1998 жылдан бастап қызмет жасап келеді. 2006 жылы республикалық «Алтын Орда» апталығына қызмет ауыстырып, бас редактордың орынбасары болды. Бүгінде ол облыстық басылымда бөлім меңгерушісі. Республикалық С.Бердіқұлов атындағы сыйлығының лауреаты.



  Баян Атайманқызы Жанұзақова

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін бітірген. Қазақ тілі мен әдебиетінің бакалавры. Еңбек жолын республикалық «Алтын Орда» газетінде мәдениет, бұқара және тілшілермен байланыс бөлімінде журналист болып бастады. Кейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде бас маман болып еңбек етті. 2010 жылдың желтоқсан айынан бері облыстық «Атырау» газетінде қоғамдық-саяси бөлім меңгерушісі болып қызмет етіп келеді.


lizazaza Лиза Шайхашқызы Сейтімова

1963 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Сол кездегі педагогика институтына оқуға түскен. Оны 1985 жылы аяқтаған. Еңбек жолы сол жылы Маңғыстау облысынан басталып, к/strong/pstrong style=»mso-bidi-font-weight: normal;»ейін Гурьев қаласында жалғасқан. 1990 жылдан бастап облыстық «Атырау» газетіне тілшілік қызметке келген. Журналистер арасында өткен республикалық «Жүректен жүрекке» ұлттық байқаудың 2000 жылғы жеңімпазы, республикалық «Премьер-сақтандыру» конкурсының 2005 жылғы жүлдегері. 2004 жылдың қорытындысымен «Үздік журналист» атанып, 2006 жылы Тауман Амандосов атындағы ең жоғары сыйлықты иеленді. Қазір газет тілшісі.


Мәлике МәлікқызыҚуанышева

1987 жылы 1 ақпанда Атырау облыы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеті журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірген.  Еңбек жолын 2008-2010 жылдар аралығында жергілікті «Атырау today» газетінен бастады. 2011 жылдың мамыр айынан бастап «Атырау» облыстық газетінің тілшісі. Қазіргі таңда газеттің қоғамдық саяси бөлімінде аға тілші қызметін атқарады.

 


Рита Жайғалиқызы Өтеуғали 

1985 жылдың 8 желтоқсанында Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін 2007 жылы үздік дипломмен аяқтап шықты. Алғаш еңбек жолын облыс орталығындағы Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2008 жылдан «Атырау» газетінде корректор болып қызмет етіп, кейін 2010 жылдың қаңтар айында тілшіболып ауыстырылды.

 


НИЕТҚАЛИЕВА Гүлзада Рахметқызы
Атырау(Гурьев) облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келді. Гурьев педагогика институты тарих факультетінің түлегі. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың аспирантурасын бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.
«Ақбота күнді аңсаумен», «Айдың сүттей сәулесі», «Қарлығашы Қиғаштың», «Ардақтым» жыр-жинақтарының, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановтың шығармашылығы туралы „Тұма жырдың тұнығы„ және жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы жайында жазылған „Дара„ монографиялық кітаптарының авторы. Жақында ғана «Аллажар» жыр жинағы баспадан шықты.
2003 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланғаны Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы аясында Атырау облыстық телерадио компаниясында тележурналист болып қызмет ете жүріп, «Махамбет-200» телехабарлар сериясын жүргізді және «Қарой қасіреті» дастанын жазды. Осы еңбегі үшін 2003 жылы сол кездегі облыс әкімі Аслан Мусиннің ұсынысымен Махамбет атындағы сыйлыққа ұсынылды.
Қазіргі таңда Атырау облыстық „Атырау„ қоғамдық-саяси газетінде хат және бұқарамен байланыс бөлімі меңгерушісі болып қызмет етеді.


Елеусінова Клара Сейітжанқызы
1968 жылы 6 желтоқсанда Гурьев қаласында дүниеге келген. Н.Крупская атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1987 жылы 12 ақпанда облыстық «Коммунистік еңбек» газетіне машинистка болып жұмысқа орналасып, 1997-2011 жж. «Атырау» газетінің компьютер цехында, 2011 жылдан бері редакцияда хатшы-референт болып еңбек етеді.

 


Ақмұрзиев Абай Абылайұлы

Мақат ауданы Байшонас поселкесінде дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің журналистика бөлімінде оқиды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аңсар-2014» әдеби байқауының «2014 жылғы жас журналист» номинациясының дипломымен марапатталды. Халықаралық Гейдар Әлиев атындағы 2015 жылғы шәкіртақы иегері. Қазақ журналистикасының дамуына үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев атындағы арнайы шәкіртақыны жеңіп алды. 2016 жылы ақпанда Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде баспасөз хатшысы, осы жылдың мамыр айынан бастап «Атырау» облыстық газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің тілшісі.


ertiАйгүл Социалқызы Ертілеуова

1988 жылы 20 қазанда Құрманғазы ауданы, Кудряшов селосында дүниеге келді. 2005-2009 жылдар аралығында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде гуманитарлық факультетінде оқып, журналист мамандығын алып шықты. 2009-2011 жылдары аралығында осы оқу орнына филология мамандығы бойынша магистратураға түсіп, үздік дипломмен аяқтады. 2008-2009 жылдары аралығында облыстық «Мұнайлы астана» газетінде тілші, 2009-2010 жылдары облыстық «Атырау» газетінің Құрманғазы ауданындағы меншікті тілшісі, 2011 жылдың сәуір айынан бері облыстық «Атырау» газеті редакциясында тілші қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда редакцияның «Мәдениет, білім, денсауллық және спорт» бөлімінің меңгерушісі.


 

Алтыншаш Құрмашева Нәсіпқалиқызы

Махамбет ауданы, Ақтоғай селосында дүниеге келген. 2006-2010 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Гуманитарлық» факультетінде мемлекеттік грант негізінде оқып, журналист мамандығын үздік дипломмен бітірді. Еңбек жолын 2011 жылы тамыз айында облыстық «Атырау» газетінің қоғамдық-саяси бөлімінен бастады. Бүгінде аталмыш газеттің құқық қорғау және экология бөлімінің аға тілшісі.

 


Нұргүл Сәкенқызы Ысмағұлова

1990 жылы, 17 қыркүйекте Атырау облы Құрманғазы ауданы, Байда селосында дүниеге келді. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің журналистика мамандығына оқуға түсіп, 2012 жылы үздік дипломмен тәмамдады. XII халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Ең үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша лауреаты атанды. Бүгінде облыстық «Атырау» газетінің мәдениет бөлімінің тілшісі.

 


 

Нұрисләм Мәуленұлы Ғұмар

1994 жылы 27 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне журналистика және саясаттану факультетіне түсіп, 2015 жылы журналистика мамандығын алып шықты. Әлеуметтік ғылымдар бакалавры. Қазіргі таңда Атырау газетінің экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінде тілші.


erlanЕрлан Сәкенбайұлы Алтыбаев

1972 жылы 13 желтоқсанда Махамбет ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген. 1990 жылы Орал педагогикалық институтында Бейнелеу өнері факультетінде білім алған. 2000 жылдан бері облыстық «Атырау» газетініңбеттеуші-дизайнері, кейін фототілшісі қызметтерін атқарып келеді. Отбасылы

 

 


auiba

Айнагүл Николайқызы Жолдыбаева

1974 жылы 26 каңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. Қаладағы №15 Абай атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын «Атырау» газетінде 1995 жылдың қыркүйегінен корректор, теруші қызметінен бастады, 2002 жылдан бері дизайнер-бет құрушысы. Отбасылы, екі ұлы бар.

 

 


saya     

Сая Сағынғалиқызы Рамазанова

1980 жылы 1 қаңтарда Құрманғазы ауданы, Нұржау селосында дүниеге келген. 1997-1999 жылдары Атырау агротехникалық колледжінде оқып, «Бухгалтер-экономист» мамандығын алған. 1999-2001 жылдары Атырау облыстық мектеп-интернатында бухгалтерлік қызмет атқарған. 2003-2007 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қаржы және несие» факультетін оқып бітірген. 2002-2006 жылдары «Туран-газеті» ЖШС-де дизайнер-бет құрушы, 2006 жылдан «Атырау» газетінде дизайнер-бет құрушы қызметін атқарып келеді.

 


tamaraТамара Маратқызы Тайтекова

1971 жылы 11 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. «Атырау» газетінде 1995 жылдан бастап хатшы-референт, 2011 жылдан бері теруші қызметін атқарады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Физика және информатика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

 

 

 


Амандық Сағынтайұлы Абдолов

Атырау қаласында дүниеге келді. 1997 жылы қаладағы А.С.Пушкин атындағы №20 орта мектептің табалдырығын аттап, Жамбыл атындағы №21 мектепті 2008 жылы тәмамдаған. Ал 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлкеттік университетіне түсіп, оны қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2012 жылы бітіріп шығады. Сол жылы қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Оқу аяқталысымен облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетіне тілші болып қызметке орналасты. 2014 жылы «Бақыт биігіндегі бір күн» атты авторлық шығармалар жинағын шығарса, 2015 жылы «Атырау қаласының ең үздік журналисі» атанды. Қазір аталған газеттің экономика және әлеуметтік мәселелер бөлімінде тілші.