Атырауда спорттық бал билері бойынша халықаралық турнир өтеді

Атырауда спорттық бал билері бойынша халықаралық турнир өтеді. Шараға Қазақстаннан өзге алыс-жақын шет елдерден 350-ден астам биші қатысады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20171207-WA0003

IX Халықаралық «Аэлита кубогы-2017» спорттық би турнирі 9-10 желтоқсан аралығында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, хореографиялық байқауға әртүрлі жастағы бишілер қатысады. Турнир қатысушыларын Бельгия, Литва, Ресей, Голландия, Германия және басқа да мемлекеттерден келетін 12 әлемдік төреші бағалайды.

«Бұл байқауға Атырау облысынан 25-тен астам жұп қатысады. Олардың барлығы жақсы хореографиялық дайындықтан өтті. Әдемі костюмдер мен ерекше би бағдарламаларын дайындады»,- дейді  Атырау облыстық спорттық бал билері федерациясының президенті Лидия Мұқанова.

Халықаралық би турнирі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен өткізіледі.

Турнир 9 желтоқсан күні, сағат 09:00-де «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде басталады. Кіру тегін.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*