Атырауда түрік азаматын пышақтап, тонап кеткендер ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда түрік азаматын пышақтап, тонап кеткендер ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Оқиға 6 желтоқсан күні, сағат 17:30 шамасында Вокзал маңы 5-інші ықшамауданында болған. Қарақшылар №27 үйдің подъезіне кіріп келе жатқан түрік азаматының санына пышақ сұғып, 50 мың теңгесі бар әмиянын және жеке төлқұжатын алып кеткен.

Алайда бұл қарақшылық әрекет сол жердегі бейнебақылау камерасының назарына ілігіп, №2 қалалық полиция бөліміне бағыттама берілген.

Нәтижесінде көп ұзамай 3 күдікті құрықталған. Олардың екеуі ер, біреуі әйел адам екені анықталды.

Ер азаматтар 1988 және 1994 жылы туған Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Бұрын екеуі де сотталған. Ал әйел азаматша 1999 жылғы Атырау қаласы тумасы. Ол түрік азаматын алдау арқылы подъезге кіргізген. Кейін артынан екі жігіт келіп, шетел азаматын ұрып-соққан көрінеді.

Анығы сол, бұл қылмыстық әрекет үш адамның қатысуымен ұйымдасқан түрде жүзеге асыпты.

Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 192-інші бабы, 2-інші бөлімі, яғни «қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айдос Қарабала

Видео Атырау облыстық ІІД-нен алынған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*