Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды (ФОТО)

Бүгін, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен өңір басшысының орынбасары болып Нұрсәуле Сайлауқызы Сайлауова тағайындалды.

IMG-20171206-WA0018

Бұған дейін осы лауазымда еңбек еткен Сәлімжан Нақпаев өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

«Сәлімжан Жұмашұлы түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды. Өзінің білікті де білімді маман екенін көрсетті. Алдағы уақытта да мол тәжірибесімен өзге жұмыста бөліседі деген сенімдемін. Сәттілік тілеймін»,-деген Нұрлан Асқарұлы, осыған дейін облыстық білім беру басқармасының басшысы болған Нұрсәуле Сайлауованың бұл қызметке тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті. Енді аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев ауыл шаруашылығы, ал Нұрсәуле Сайлауова әлеуметтік салаларға жетекшілік ететін болды. Өз кезегінде Нұрсәуле Сайлауқызы өзіне артылған сенім үшін алғысын білдіріп, қызметіне бар күш-жігерін арнайтынын жеткізді.

IMG-20171206-WA0015

Нұрсəуле Сайлауованың педагогика саласында екі жоғары білімі бар, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының стипендиаты.

Педагогика ғылымдарының докторы, «Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының» академигі.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде аспирант болып бастаған. 2011 жылы Алматы қаласындағы №167 мектепте психолог болды. 2002-2008 жылдары Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде түрлі лауазымдар атқарды. 2008-2012 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика, психология жəне өнер факультетінің деканы, 2012-2013 жылдары жастар орталығының директоры,  2013-2014 жылдары мектепке дейінгі жəне бастауыш білім беру кафедрасының доценті болды. 2014-2015 жылдары Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы, 2015 жылдан күні бүгінге дейін Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

IMG-20171206-WA0016

Айбөпе Сабырова

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*