Атырауда металл құрылғыларын шығаратын өндіріс іске қосылды

Атырауда жылына 6 мың тонна металл құрылғыларын шығаратын өндіріс іске қосылды. Кәсіпорын жұмысының басталуына бүгін «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«Роботты жүйені енгізу арқылы шығарылатын металл құрылғыларының жылдық көлемін 6 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз 50 жаңа жоғары технологиялы жұмыс орнын құрдық. Инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгеден асады. Біз мұнай-газ саласының халықаралық жобаларындағы отандық компания үлесін арттырғымыз келеді»,-деді «ЖігерМұнайСервис» ЖШС директоры Рафик Мұхатов.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті жаңа өндіріс орнының жұмысын бастауға рұқсат беріп, зор табыстар тіледі.

«Біз мұнай мен газға бай ел саналамыз. Бүгінде күн тәртібінде біздің шикізаттарымызды қайта өңдеу мәселесі тұр. Сол арқылы қосылған құнын арттырып, мол қаражат табу қажет. Сондықтан бұл нысандар өте маңызды»,-деп атап өтті Елбасы өндіріс ошағын іске қосу кезінде.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*