Атырауда жарты тоннадан астам балық тиеген браконьерлер ұсталды (ФОТО)

Атырауда браконьерлерден жарты тоннадан астам балық тәркіленген. Ұсталған кезде құқық бұзушылардың моторлы қайығында балықтан басқа тыйым салынған балық аулау құралдары табылды,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

1d3310eb-41f8-4321-b5d4-b1b418fe1368

5 қараша күні, кешкі сағат 21:00-де Дамба ауылындағы Жайық өзенінде рейдтік іс-шаралар кезінде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен қуаты 200 аттық күші бар «Амур» моторлы қайығын ұстады.

ad1eaee9-7d75-4a61-b693-27b57dccf7a2

Қайықта Құрманғазы ауылының екі тұрғыны болған. Құқық бұзушылық кезінде 667 келі қара балық пен тыйым салынған құралдар – қытай ауы табылды.

f2c89b20-ad58-4a52-81d5-ddf2d9492d28

«Қазіргі уақытта құқық бұзушылар ұсталып, балық тәркіленді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша алдын ала тергеу басталды,- деп хабарлады Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

Айқара Ғұмар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*