Атырау қаласында бекіре балығы мен итбалық тиеген көлік ұсталды (ФОТО)

Атырау қаласында бекіре балығы мен итбалық тиеген көлік ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

3G4HqqOeB4w

4 желтоқсан күні, сағат 17:30-да полицейлер Азаттық көшесінде (Нарсуд) келе жатқан күдікті «Тойота Прадо» көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде одан 32 келі бекіре балығы мен 5 келі итбалық тәркіленіпті.

Көлік иесі — 1987 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол балықтарды белгісіз біреуден сатып алғанын айтады.

Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 339-інші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Айдос Қарабала

Фото Атырау облыстық ІІД-нен алынған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*